Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТЕЛЕФОН БІРЛІГІМЕН ЖОЛАҚЫ ТӨЛЕЙСІЗ

ТЕЛЕФОН БІРЛІГІМЕН ЖОЛАҚЫ ТӨЛЕЙСІЗ

  Қызылорда автобус паркінде қаладағы жолаушыоар тасымалында қолданысқа енгізілетін электронды билет жүйесінің таныстырылымы өткізілді. Тұрғындар енді қоғамдық көліктің жолақысын қолындағы телефоны арқылы төлей алады.
Жаңа жоба «ОуВу» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады. Мамандардың айтуынша, бұл игілікті істің бұдан өзге де мүмкіндігі көп. Электронды билет тиімді. Қалтаңызда ұсақ тиын болмаса, телефоныңыздағы бірлік арқылы жолақыны төлеуге болады. «Плей маркет» арқылы ұялы телефоныңызға «ОуВу» қосымшасын жүктеп аласыз, сосын автобусқа орнатылған код арқылы бірлігіңіз есебінен жол жүру ақысы алынады.
  – Электронды жүйенің жұмысы қарапайым. Төлемдер автобус кондукторлары қолындағы қондырғылар арқылы бақыланып, тікелей автобус парк орталығындағы экрандар арқылы сол мезетте көрінеді. Алдағы уақытта бұл кодтар барлық автобус салондарына орнатылады. Сол секілді смартфонсыз жолаушылар үшін жолақысын қолма-қол төлем түрі де қалдырылады. Заманауи электронды билет жүйесінің бұл түрі еліміз бойынша Қызылорда қаласында алғашқы болып қолданысқа енгізіліп отыр, – дейді жоба авторы Алмас Әйменов.
Биыл Қызылорда қаласына – 200 жыл. Ал, электронды билет жобасы атаулы мерекеге лайықты тарту.
Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
24 сәуір 2018 ж. 1 531 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам