Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖҰМА КҮНІ ӘЙЕЛДЕР АТҚАРУЫ ТИІС 8 ІС

ЖҰМА КҮНІ ӘЙЕЛДЕР АТҚАРУЫ ТИІС 8 ІС

Жұма күні әйелдер атқаруы тиіс 8 іс

Жұма – әрбір мұсылман үшін мейрам, дұға-тілектер мен ізгі ниеттер қабыл болатын қасиетті күн.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Жамағат болып жұма намазын оқу – әрбір мұсылман үшін парыз. Бұл үкім төрт адамға жүрмейді: құл, әйел, сәби және науқас адамдар»[1], – деген.
Бұл күні әйел адамдар не істеуі керек?
1. Таңертең ертерек тұрып, ғұсыл дәретін алып, әдемі киімдеріңізді киіңіз.
2. Отбасыңызды, балаларыңызды бұл қасиетті күнмен құттықтаңыз.
3. Үйіңізді тазалаңыз (жұмысқа кететін болсаңыз, бейсенбі күні жинап қойыңыз).
4. Шелпек, бауырсақ, тәттілеріңізді пісіріңіз, мейрамды балаларыңыз да сезінсін (жұмыста болсаңыз ертерек дайындық жасаңыз, нанды ашытып кетсеңіз, кешке жұмыстан келіп пісіре саласыз).
5. Аллаға шүкіршілік етіп, көбірек дұға жасаңыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Жұма күннің ішінде бір сәт бар, ол уақытта мұсылман Алладан бірнәрсе сұрап, дұға етсе, оған міндетті түрде жауап қайтады. Бұл сағатты асыр намазынан кейінгі уақыттан іздеңдер», – деген.
6. «Кәһф» сүресін оқудың маңызы өте зор.
7. Кешке отбасылық асқа жиналып, балаларыңызға да бұл күннің маңызы жайлы, мейрам екенін айтып, Аллаға көбірек шүкіршілік етіңіздер.
8. Дастархан басында жақсы әңгімелер айтып, дүниеден өткен ата-ана, жақын-туыстарға Құран бағыштаған дұрыс.
P.S. 8-наурыз, жаңа жыл т.б. мейрамдар болса алып-ұшып жүгіретініміз рас. Ал, Жұма күні Алла бізге күнәларымыздан тазарып, тура жолға түсуге бір қадам болса да жасауға, керегімізді сұрап, дұға жасап, Раббымызға жақындай түсуге (апта сайын) зор мүмкіндік жасайды. Ендеше, мүмкіндіктен қапы қалмай, Алланың ізгі құлдарының бірі болуға жазсын!

25 сәуір 2018 ж. 2 857 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам