Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰРЛАНҒАН ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ ТАБУ НЕГЕ ҚИЫН?

ҰРЛАНҒАН ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ ТАБУ НЕГЕ ҚИЫН?

ҚР Ішкі істер министрлігі ұялы телефон ұрлығымен байланысты қылмыстарды ашуда кездесетін кедергілерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Телефон ұрлығын ашудағы негізгі проблема - ол азаматтардың полицияға кеш жүгінуіне байланысты. Сонымен қатар азаматтардың ұсталған ұялы телефондарды сатып алуы, олардың мобильдік құрылғы IMEI-кодын білмеуі, мүлікке құқы бар құжаттардың болмауы секілді жағдайлар қылмыстың ашылуын кешіктіреді», - деп аталып өткен ІІМ-нің «ҚазАқпараттың» ресми сауалына берген жауабында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл ақпан айында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда ұялы телефон ұрлығын азайтудың шаралары туралы айтты.
«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұялы телефонды IMEI-код арқылы табу мүмкін болмай отыр. Бұдан бөлек, нарықта IMEI-коды бірдей ұялы телефондар да кездеседі. Бұл мәселені құрылғының IMEI-кодын иесінің ЖСН-ы мен абонент нөміріне байланыстыру арқылы ғана шешуге болады. Телефон осылай тіркелген кезде, ұялы телефонды ұрлау мүлдем тиімсіз болады», - деді Дәурен Абаев.
25 сәуір 2018 ж. 1 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам