БІЛІМ БЕРУ ҚҰНЫН ЖОО-ЛАРДЫҢ ӨЗДЕРІ БЕЛГІЛЕГЕНІ ДҰРЫС – ҚР БҒМ
Ерлан Сағадиев ЖОО-лардың ақылы бөлімдеріне білім беру құнының қанша болатынын өздері шешуге мүмкіндік беру керек деп санайтынын айтты.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ЖОО-лардың ақылы бөлімдеріне білім беру құнының қанша болатынын өздері шешуге мүмкіндік беру керек дегенді дұрыс деп санайтынын айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
"Аталған өзгеріс азаматтарға, оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға жоғары білім алуға қол жеткізуді кеңейтуге жағдай жасайды. Бұл негізгі өзгерістер жоғарғы оқу орындарына көптеген еркіндік және олардың басшыларының әлеуметтік жауапкершілігін қарастырады. Заң жобасы мемлекеттік органдармен келісілген", - деп хабарлады Ерлан Сағадиев ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы барысында.
Сонымен қатар, министр пленарлық отырыстан кейін жоғарғы оқу орындары заң жобасына сәйкес, білім беру бағасын өздері белгілей алатыны жөнінде түсіндіріп берді.
"Біз ақылы түрде берілетін білім гранттан қымбат немесе арзан болмауы керек деген норманы алып тастауды жоспарлап отырмыз. Соған сәйкес ЖОО-лар өздері қажет деп тапқан соманы көрсетіп, білім беру құнының нормасын белгілейді, бірақ та сәйкесінше, қандай да бір есептерді қоса тіркейтін болады. Біз гранттарды беріп жатырмыз ғой, ал оның бағасы өзгеріп жатқан жоқ. Түсінесіздер ме, көптеген адам біздің еліміздегі білім беру құны өте арзан деп, ал адамдардың тағы бір тобы оны өте қымбат деп есептейді. Біз ЖОО-ларға, оның ішінде әсіресе, ақылы түрде оқытатын білім ордаларына оқыту құны қандай болатынын өздері шешу керек дегенді дұрыс деп санаймыз. Алайда білім алушылардың көбі бәрібір грант негізінде және негізінен ұлттық жоғарғы оқу орындарына оқуға түседі", - деп сөзін түйіндеді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында ЖОО-ларға білім беру бағдарламасын дербес әзірлеу құзіреті берілуі керектігін айтқан болатын. Министрдің айтуынша, әр мамандық бойынша бағдарламаны еңбек нарығына сай ЖОО-лардың өздері дайындағаны дұрыс.

bnews.kz