Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БИЫЛ 200 МЫҢДАЙ МҰҒАЛІМНІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА 30 ПАЙЫЗДЫҚ ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ

БИЫЛ 200 МЫҢДАЙ МҰҒАЛІМНІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА 30 ПАЙЫЗДЫҚ ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ

  Қазақстанда биыл 200 мыңдай мұғалімнің айлығына биыл 30 пайыздық үстемақы қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Министр Үкімет отырысында орта білім беруді жаңа мазмұнға көшу жұмыстары туралы айтып берді.
«Жаңартылған мазмұнды енгізбес бұрын бағдарлама Назарбаев зияткерлік мектептерінде, одан кейін 30 пилоттық жоба апробациядан өтті. Мектептерде пилоттық жоба  ретінде енгізілген жүйенің салыстырмалы нәтижесі бойынша, білім сапасының орташа балы екі есеге өсті. 2016-2017 жылғы оқу жылынан бастап 1 сынып, былтырғы оқу жылынан бастап қосымша 2, 5 және 7 сыныптар көшсе, биылғы оқу жылынан бастап 3, 6 және 8 сыныптар кезең-кезең бойынша көшеді. Жаңартылған мазмұнға көшкен мұғалімдердің айлықтарына 30 пайыз үстемақы қаңтар айынан бастап төлене бастады. Барлығы 200 мыңнан астам мұғалім, яғни биыл мұғалімдердің 70 пайызы қосымша ақы алатын болады. Ұстаздар қауымы атынан Елбасына үлкен қолдау білдіргені үшін үлкен рахметімізді айтамыз», - дейді Ерлан Сағадиев.
Министрдің айтуынша, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттары қазіргі таңда дайын.  Типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары бекітіліп, оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер әзірленген. Критериалды бағалау енгізілу үстінде.
«Бастауыш білім беру деңгейінде бірыңғай базалық оқулықтар енгізіледі. 3, 6 және 8 сыныптардың оқулықтары қазіргі уақытта дайын. Енді сараптамадан өтіп, қоғамдық бағалау порталына шықты. Оны 20 мыңнан астам адам көріп, ұсыныстарын айтып жатыр», - дейді министр.
inform.kz
27 ақпан 2018 ж. 2 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам