КЕҢЕС ДҮЙСЕКЕЕВ ТУҒАН ЖЕРІНЕ АРНАП ӘН ШЫҒАРДЫ
Қызылордада бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеевтің "Сыр елі" әнінің таныстырылымы өтті.
Кеңес Дүйсекеев атындағы дәстүрге айналған "Туған жер" атты әншілердің республикалық байқауының гала-концерті өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды.
Айта кету керек, конкурс биыл 6-шы мәрте ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шараға арнайы келген сазгер жаңа әнді жерлестеріне таныстырып, туған жерге деген жылы лебізін жеткізді. «Сыр елі» атты жаңа ән К. Дүйсекеұлының Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арнаған тартуы.
Аймақ басшысы Қ.Көшербаев та сайыс жеңімпаздарын құттықтап, туған жерге ән арнаған композитор К.Дүйсекеевке алғысын білдірді.
Бүгінгі кештің тағы бір жағымды жаңалығы "Туған жер" республикалық байқауы келесі жылдан бастап халықаралық деңгейде ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Бұл туралы гала-концерт барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев мәлімдеді.

Бақберген Әбілқасым