Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАЛЫН КЕШКЕН ЖАУЫНГЕР

ЖАЛЫН КЕШКЕН ЖАУЫНГЕР


Жеңістің құны қазақ халқы үшін тым қымбат болды. Қаншама ел боздақтары майдан даласында қалды. Бүгінде майданнан жаралы болып оралғандардың қатары тым сиреп қалды.
  Майдангер жерлесіміз Томшабай Сисенбаев Қызылорда облысы, Аламесек ауданы, Мәдениет ауылдық кеңесі, Шаған колхоздың аумағында 1925 жылы дүниеге келген.
  Орталау мектепті ойдағыдай бітірген бозбала Томшабай 1943 жылы 18 жасында Қармақшы аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге шақырылып, әуелі Самарқан қаласында әскери оқу жаттығуда болады. Бірақ денсаулығына сәйкес 6 ай елге қайтарылып, содан кейін 1944 жылдың мамыр айында Қызыл әскер қатарына қайта шақырылады.
 Алдымен Алматы, Семей қалаларында әскери дайындықтан өтеді. Майдандағы алғашқы әскери қызметін Ленинград облысының Луговой қаласында жасақталған артеллерия полкінің артбарлаушысы болып бастайды. Осы полктің құрамында кескілескен шайқастарға қатысады.
  1945 жылы қаңтардан бастап Польшаның Краков қаласын азат етуге қатысады. Жеңісті Чехославакияның Прага қаласында қарсы алады. Жеңістен кейін Чехославакиядағы неміс әскерлерінен қалған фашистік бандаларды осы елден тазартуға қалып, елге 1948 жылдың наурыз айында ғана оралады.
  Ауылға келгеннен кейін ағамыз аудандық халық сотының хатшысы, орындаушысы болды, кейін байланыс жүйесінде, аудандық тұтынушылар одағында есепші, сельпода аға есепшілік қызметтерінде еңбек етті. 1969 жылдан бастап Мәдениет совхозында материалдық есепші, т.б. есепшілік лауазымдарында жұмыс істеді.
  1985 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Мәдениет совхозында жолдастық соттың төрағасы болып, ауылда үлгілі қоғамдық тәртіптің жолға қойылуына да айтарлықтай белсенді қоғамдық жұмыстар атқарды.
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін “Отан соғысы ордені”, “Ерлігі үшін медалы”, “Праганы азат еткені үшін”, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін”, “Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 20-30-40-50 жылдығы”, “КСРО Қарулы Күштеріне 50-60-70 жыл” жауынгерлік-мерекелік медалдарымен да марапатталған. Ол сонымен қатар “Маршал Г.К.Жуков” медалының да иегері атанған.
  Бейбіт еңбектегі үлгілі жетістіктері үшін “Ауыл шаруашылығының үздігі” төсбелгісін кеудесіне тағып, бірнеше рет ауылдық кеңестің депутаты болды.
  Жұбайы Сәрсен анамызбен екеуі 8 баланы тәрбиелеп өсірді. Балалары, ұрпақтары қазір Ақтау, Қызылорда қалалары мен Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун атындағы ауылда тұрып жатыр.
  Майдангер жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының ардагері Сисенбаев Томшабай ағамыз 1996 жылы Мырзабай ахун ауылында 71 жасында дүниеден өтті.

Болатбек НҰРЖАНОВ,
Жалағаш ауданы
27 сәуір 2018 ж. 1 324 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам