ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ – МЕМЛЕКЕТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ!
Елдің алдыңғы шебі саналатын қазақ әскерінің Отанды қорғау бағытындағы қауқары алдымен, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы, бейбіт уақытта оқу-жаттығу дайындығының қырағылықтан бастау алатындығы анық.
Осы мақсатта, Қазақстан Республикасы аумағында Қарулы Күштері басқа да әскерлері мен әскери құралымдары және жергілікті әскери басқару органдарымен арасында өзара тығыз әрекет ету мақсатында 2018 оқу жылының тактикалық-саптық сабақтары, яғни жауынгерлік әзірлікке келтіру «Ұлы дала әскері-Мәңгілік ел тірегі» ұранымен басталды.
Аталған бағытта, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және бағынысты қалалық басқарма мен аудандық бөлімдерінің арасында жоспарға сәйкес, жауынгерлік әзірлікті тексеру және тактикалық-саптық сабақтар жүргізілуде.
2017 жылғы 6 желтоқсанда Қызылорда облысының құқық қорғау және арнайы мақсаттағы мекемелермен өзара әрекеттесуді сапалы ұйымдастыру мақсатында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне 2 (екі) дана өрт сөндіру есептобы, 2 (екі) дана жедел жәрдем экипажы, 2 (екі) дана жол-патрульдік полициясы қызметкерлерімен және жергілікті полиция қызметінен 20 (жиырма) қызметкер шақырылып, қысыл таяң жағдай туындағанда өзара бірлесіп әрекеттесу жұмыстары пысықталды.
Жергілікті әскери басқару органдарының негізгі міндеттері Қарулы Күштер әскери бөлімдерімен мекемелеріне тағайындалған әскери міндеттілерді уақытылы хабарлау, жинау, құжаттарын ресімдеу және жөнелту болып табылады.
Жыл сайн дәстүрлі түрде өткізілетін тактикалық-саптық сабақтары жоғарыда баяндалған негізгі міндеттерімізді пысықтау және уақытылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғары Бас қолбасшысының тапсырмаларын орындаудың кепілі болады − деп есептейміз.
Қызылорда облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.
жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.