Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЗИЯН ТИГІЗУІ МҮМКІН: ЖАЛАҚЫ ТУРАЛЫ 7 МИФ

ЗИЯН ТИГІЗУІ МҮМКІН: ЖАЛАҚЫ ТУРАЛЫ 7 МИФ

    Жалақы мәселесі маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе жұмысқа орналасар кезде оны міндетті түрде талқылау керек. Осы жағдайда қандай ережелерге сүйенген жөн? Кеңесімізге құлақ түріңіз
Миф №1. Менің тәжірибем жоқ, сондықтан шарт қоя алмаймын
 
Шарт қоюдың мүлде қажеті жоқ, бірақ қалауыңызды айту қажет. Себебі жұмыс беруші көп резюменің ішінен сіздікін тегін таңдаған жоқ. Демек қолыңыздан іс келеді деген сөз.
 
Миф №2. Басқа ұсыныс болмағандықтан, жұмыс үшін бәріне келісемін
 
Әрине ұсыныстың көп болуы сізге көп мүмкіндік береді. Бірақ ең бастысы – өз-өзіңізге деген сенімділік. Өз-өзіне сенімді адам ешқашан жұмыссыз қалмайды.
 
Миф №3. Ұсыныс күткеніңізден көп болды
 
Жұмыс беруші сіздің күткеніңізден жоғары жалақы ұсынса бас тартпай қабыл алыңыз. Берген дүниені қуана қабылдай білу керек.
 
Миф №4. Елде экономикалық дағдарыс, жалақыны қысқартпаса да жақсы
 
Кез келген уақытты кәсіби мамандарды табу қиын. Ал дағдарыс кезеңінде жұмыс істеу тіпті қиын. Сондықтан саспаңыз.
 
Миф №5. Жалақы туралы барлық мәліметті ғаламтордан таба аламын
 
Таба аласыз, бірақ олар нақты ақпарат болмайды. Бәрі болжамды мәлімет. Сондықтан өз салаңыздағы жалақыны таныстарыңыздан сұрап, салыстырып жүріңіз.
  
Миф №6. Әйелдердің жалақысы ерлерден төмен
 
Жалақы туралы өте кең тараған миф. Әрине әйелдердің мансап жолында көтерілуі сирек болуы мүмкін. Декретке шығатындықтан да жалақылары аз болуы мүмкін. Бірақ кәсіби маман қашанда бірінші орында.
 
Миф №7. Жалақымды көтеруден бас тартты, бұл әңгімені бастаудың қажеті жоқ еді
 
Тәуелел етіп, сұрап көріңіз. Бәлкім бастығыңыз белсенділігіңізді, еңбегіңізді бағалап көтеріп қалар!
 
Ең бастысы, кез келген жерде, кез келген жағдайда жоғарырақ жалақы сұрау. Сол кезде бастығыңыз 5-10 пайыз түсірсе де қалыпты жалақы алатын боласыз.
28 сәуір 2018 ж. 1 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам