28 СӘУІРДЕ ЕЛ АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
28 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста және солтүстік- батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, батыста бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді, ал Шығыс Қазақстан облысында тұман түсуі ықтимал. Ақмола, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Қарағанды облысында түнде және таңертең күн күркіреп, найзағай ойнайды.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің күші 17-22 м/с жетеді, бұршақ болуы ықтимал. Күндіз Атырау облысында жел шаңды дауылға ұласып, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай, Маңғыстау облыстарында тұман түседі.