ЖАҢҒЫРТУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 124 КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛДІ.
Бүгінгі күнге Қызылорда қаласында көппәтерлі тұрғын үйлер саны 768 құрайды. Оның 558-і немесе 71% күрделі жөндеуді қажет етеді.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 124 көп қабатты тұрғын үйлер жөндеуден өткізілді.
Бағдарлама бойынша бөлінген қаражатты қайтаруда бірқатар қиындықтар туындауда.
Дегенмен, бұл қиындықтарды еңсеруге бекітілген кестеге сәйкес төлемақыны мүлде төлемей отырған пәтер иелерінен сот арқылы өндіруге талап-арыз беріліп, тиісті жұмыстары жүргізілуде. Қайтарымды қаражат есебінен ағымдағы жылы 17 көп қабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізілу жоспарлануда.
(Абай даңғылы №32, 36, 37, 39, 41,43, 44, 51; Қорқыт ата к/сі №15 а; Желтоқсан к/сі №34; Панфилов к/сі №23; Өсербаев к/сі №15; Б. Момышұлы №76,Мерей м/а №18а, Батырбаева № 2а,Жалаңтөс Баһадүр № 3а, Бектұрғанов № 17)
Негізінде ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, 50 бабының 1 тармағына сәйкес Тұрғын үйді қалыпты жағдайда күтіп-ұстауға кететін шығынын (пайдалану шығыны) өзінің ортақ меншіктегі үлесінің көлеміне қарай өтейді және пәтер иелері ортақ мүлікті өздерінің үлестеріне тең мөлшерде күтіп-ұстау мен пайдалану бойынша жалпы шығыстарға қатысуға міндетті.