Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МАҚПАЛ ЖҮНІСОВА КОНЦЕРТТЕ БОЙ ҚӨРСЕТПЕГЕН РОЗА РЫМБАЕВАНЫҢ ҚҰПИЯСЫН АШЫП ҚОЙДЫ

МАҚПАЛ ЖҮНІСОВА КОНЦЕРТТЕ БОЙ ҚӨРСЕТПЕГЕН РОЗА РЫМБАЕВАНЫҢ ҚҰПИЯСЫН АШЫП ҚОЙДЫ

   Күні кеше Алматыдағы Республика сарайында "Әндер мен жылдар" атты концерт өтті. Бір қызығы афишада көрсетілген әншілер кешке келмей қалған. NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген жоба авторы Құдайберген Бекіш жайсыз жайтқа қатысты пікірін білдірген еді.
"Келемін деп, келе алмай қалатын әншілер бар. Келіседі де, жақын қалғанда хабарлассаң, "Аға, мен ұмытып кеттіппін. Мен бола алмайтын болдым" - деген көп әншілер болып жатыр. Мысалы, Әлішер Кәрімов келемін деп еді, ол кісі ауырып жатыр екен. Кореяда ауырып жатырмын. Маған үлкен ота жасалды деді. Өзінің суретін де жіберді. Серікбол Сайлаубекке хабарлассам, мен ұмытып кетіппін дейді. Ренжігенде не істеймін? Пойыз жүріп кетті ғой!", - дейді Бекіш.
Әншінің сөзінше, Әлішер Кәрімовтің сырқаты себеп болса, Серікбол Сайлаубекке тойдан қомақты сұраныс түскен деп топшылайды. Сондай-ақ, жарнамада көрсетіліп кейін концертте бой көрсетпегендердің қатарында Мөлдір Әуелбекова мен Роза Рымбаева да бар екен.
"Роза Рымбаева белгілі себептермен келе алмай қалды. Өйткені оның айтқан жағдайлары болды. Адам баласы болған соң бір жағдайлар болды. Мөлдір Әуелбекова да келемін деген болатын. Келе алмайтын болды", - дейді Құдайберген Бекіш.
Осы олқылықтың орнын толтыру үшін, жоба ұйымдастырушылары Халық әртісі Мақпалға бірнеше әнді қатар шырқауын өтінген. Құдайберген Бекіш бұл жайында тіс жармағанымен, Жүнісова әріптесі Роза Қуанышқызына қатысты құпия ақпаратты сахнада жайып салды.
"Мен бүгін бірнеше ән айтатын болдым. Өйткені, шақырған әншілердің көбісі келмей қалыпты. Роза әпшем Атырауға тойға кетіп қалыпты. Ол тойға 8 мың доллар беремін деп, мені де шақырған. Бірақ мен ақшаны емес, сіздерді таңдадым", - деп Мақпал Жүнісова халықты қыран-топан күлкіге қарық қылды.
Айта кетейік, бұл концерт Ұлттық арнаның 60 жылдық торқалы тойына арналған болатын.
02 мамыр 2018 ж. 4 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам