КОМПЬЮТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫНДАРҒА ПАЙДАЛЫ 13 КЕҢЕС
Жұмысыңыз тікелей компьютермен байланысты ма? Арқаңыз ауырып, көзіңіз тала ма? Бұл проблемалардан құтылу үшін мынандай кеңестер береміз:

Ноутбукпен 2 сағаттан көп жұмыс жасайтын болсаңыз, арнайы тіреуіш пайдаланыңыз.




Ал клавиатураның биіктігі сіздің тырнағыздың деңгейіндей болу керек (ал еңкейіп тұрса, орта тұсымен өлшенеді)



1. 3 секунд көзіңізді қатты жұмып, сосын 3 секунд ашып тұрыңыз. Осылай 5 рет қайталаңыз.
2. 30-60 секунд уақыт шамасында тез-тез көзіңізді ашып-жұмыңыз.
3. Көзіңізді жұмып, сұқ саусағыңызбен, 30 секунд сағат тілімен жәймен уқалаңыз.
4. Ең маңызды жаттығулардың бірі – жақын тұрған зат пен алыс тұрған бір объект ұстап алып, алма-кезек қараңыз.
5. Осы жаттығулардан соң, қабағыңыздың айналасына аздап массаж істеңіз. Бұл жаттығуларды күніне 2-4 рет жасауға болады.
Арасында орныңыздан тұрып, арқа мен қол бұлшықеттерін жаттықтырып қойыңыз.
Қарап отырған объектіңіз (мейлі ол манитор, мейлі ол кітап) тура сізге қарама-қарсы тұрсын, бұл сіздің басыңызды жиі бұра бермеуге ықпал етеді.
Бір орында отырып жұмыс жасағаннан сіздің организміңіз шаршайды. Сондықтан, отырған қалпыңызды жиі өзгертіп, маниторыңызды бұрып отырыңыз

ЕҢ БАСТЫСЫ - СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ
el.kz