Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » САЯБАҚТЫҢ СЫЙЫ

САЯБАҚТЫҢ СЫЙЫ

Қызылордалық тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлайтын қалалық мәдени-демалыс паркі бүгінде кезекті маусымдық ашылу салтанатына қызу дайындық үстінде. Биыл көркемдік келбеті мен ойын-сауық құралдары жаңаланған парктің халықпен бөлісер жағымды жаңалықтары да жоқ емес.
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы қарсаңында жергілікті басшылық пен «Aquacrystal Group» ЖШС-мен бірлесе әзірленген саябақтың жаңа тұжырымдамасы бойынша бұл орын биылғы маусымнан бастап «Шылымсыз және ішімдіксіз аймақ» идеясымен жұмыс жасайды. Парк аумағында полиция бекеті, ана мен бала бөлмелері, медпункт, анықтама бюросы мен жүк қоймасы іске қосылмақ. Сондай-ақ, мұнда ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін этноауыл есігін айқара ашып, келушілер халқымыздың бай мұраларын тамашалуға мүмкіндік алмақ.
– Парк 2008 жылы мемлекет меншігіне қайтарылып, қаланың коммуналдық теңгеріміне өтті. Содан бері бұл аумақта жаңа аттракциондар, сауда қатарлары, балалардың түрлі ойын алаңқайлары жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда мұнда 80-ге жуық кәсіпкер халыққа қызмет көрсетіп отыр. Сонымен қатар, биыл отбасылық үлгідегі жаңадан 3 аттракцион әкелініп, жануарлар бағы мен қуыршақ театры іске қосылмақ, – дейді қалалық мәдени-демалыс паркінің директоры Әнуар Нақып.
Жеке кәсіпкердің демеушілігімен ашылатын хайуанаттар бағына үй қояндары, теңіз тасбақалары, кірпі, тиын, павлин, тауық балапандары, ешкі лағы сынды 30-ға жуық жануар түрі алынбақ. Оның ерекшелегі сол – балалар оларды қолына ұстап, тамашалуға мүмкіндігі бар.
Ал, қалалық мәдени-демалыс паркінің директорының айтуынша, қаладағы мәдени-көпшілік шаралардың ұйымдастырылуына жағдай жасау мақсатында сахна келбеті де жаңара түседі. Алдағы уақытта парк аумағының сыртқы қоршауы түгелдей ауыстырылып, демалушыларға қолайлы болу үшін 4 жерден кіре беріс есіктер салынбақ. Сондай-ақ, бұл аумақта әскерилендірілген күзет қызметі жұмыс жасайды. Ал, 7 жылдан бері істен шығып тұрған «Колесо обозрение» аттракционы жеке кәсіпкердің меншігіне беріліп, биылғы маусымнан бастап халыққа қызмет көрсете бастайды деп күтілуде. Оған арнайы техникалық маман шақыртылып, барлық ақаулары лабораториялық тексеруден өткен.
– Қазіргі таңда аттракционның 80 пайыздан астамы қайта қалпына келтіріліп, дайын тұр. Негізі, бұл нысанның сүйегі өте мықты. Кезінде көпір салуға арналған өте берік металл, яғни, легирленген болаттан жасалған. Жөндеу барысында жік-жапсарларының бәрін мұқият тексеруден өткіздік. Жетекші дөңгелектері, электр қозғалтқышы жаңадан орнатылды. Жұмыстар толық аяқталып болған соң техникалық регламент бойынша статикалық және динамикалық сынақтан өткіземіз. Кабиналарына жүк салып, 10 минуттай уақыт бойы айналдырып, оның қауіпсіздігі мен толықтай жарамды екеніне көз жеткіземіз. Содан кейін ғана іске қосуға рұқсат беріледі, – дейді инженер-сарапшы Қадырхан Шәкиев.
Осылайша жаңарып-жасанған саябақ 1 мамыр – бірлік күні мерекесі қарсаңында салтанатты түрде ашылады деп жоспарлануда. Онда барлығы 22 дүңгіршек, 18 жазғы кафе, 2 фотосалон, 68 аттракцион халыққа қызмет көрсетеді деп күтілуде.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
Суретті түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.
02 мамыр 2018 ж. 1 924 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам