МЕРЕЙТОЙ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЙЫ ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛЕДІ
Үстіміздегі жылы Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Осыған орай көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекесіне орай республиканың барлық облысында Сыр сүлейлерінің «Жыр керуені» фестивалі өтеді. Сондай-ақ, жыл көлемінде бірнеше ауқымды шаралар ұйымдастырылады. Олардың қатарында 1 наурыз – Алғыс айту күніне «Ықылас пейіл, ай құшақ», көктемнің алғашқы мерекесі қарсаңында әйелдер форумы, «Қыдыр қонған Қызылорда» республикалық би байқауы, республикалық «Сырдария достық өзені» балалар шығармашылығына арналған ән фестивалі, «Қызылорда – сүйікті қалам» республикалық композиторлар мен әншілер конкурсын және басқа да мемлекеттік мерекелерді, республикалық деңгейдегі іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Сыр сүлейлері» аллеясының аумағында мамыр-қырқүйек айлары аралығында ай сайын түрлі бағыттағы мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Жобалардың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге, өскелең ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрлерімізді сіңіру, халқымыздың мәдени мұралары мен рухани байлығын насихаттау, олардан шығармашылық тұлға қалыптастыру болып табылады. Осылайша Елордамыз – – Астананың 20 жылдығы, Қызылорданың қос ғасырлық мерейтойы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына жоғары мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысамыз, – дейді сала мамандары.