НҰРЫМ СӘЛІМГЕРЕЕВ «СЫР БАРЫСЫ» АТАНДЫ
Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысы өтіп, Нұрым Сәлімгереев «Сыр барысы» атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке Астана қаласының 20 жылдығы Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында өткізілді. Боз кілемдегі балуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсті. Бірінші кезеңі әр ауылдық аймақтарда наурыз айында өткізіліп, оған 6 839 спортшы қатысты. Екінші кезеңі аудандық, қалалық жарыстар сәуірде ұйымдастырылып, оған 1 511 спортшы бақ сынасса, үшінші кезеңі - облыстық сайысқа 250 балуан бақ сынады. Үш кезең бойынша барлығына 8 600 спортшы сынға түсті. Түйе балуан сайысына 15 спортшы қатысып, олардың арасында Нұрым Сәлімгереев «Сыр барысы» атанып, «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 170 мың теңгенің сертификатынаие болды.