Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЧЕМПИОНДАР КӨБЕЙДІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЧЕМПИОНДАР КӨБЕЙДІ

  Қармақшы ауданында тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Есепті мерзімде 117 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 9867 спортшы қатысты.
Аудан əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жыл басынан бері аудандық мектеп оқушылары арасында «Көңілді старт» жарысы, интернационалист-жауынгерлер Ə.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов жəне А.Жыңғылбаевтарды еске алу спартакиадалары, мемлекеттік қызметкерлер күніне орай жергілікті атқарушы органдар өкілдері арасында сайыстар өткен.
Жыл көлемінде аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар жəне ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарында 15 алтын, 22 күміс, 21 қола медаль иеленсе, Азия чемпионатында 1қола жəне əлем кубогында 1 алтын медаль иегері атанды.
Үстіміздегі жылы Ғалымжан Əбдірахманов самбо күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері жəне Астана қаласында Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен əлем кубогының жеңімпазы атанып «Қазақстан Республикасының Халықаралық дəрежедегі спорт шебері» деген атаққа қол жеткізіп отыр.
Астана қаласында Елбасы жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде жерлесіміз Еламан Ерғалиев кіл мықтылар айқасында жеңімпаз атанып, Сыр өңірінің абыройын асқақтатқаны белгілі.
Осы жылы Төретам кентінің денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастауға облыстық бюджеттен 100 млн.теңге қаржы бөлінді.
23 қараша 2017 ж. 1 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 057 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам