Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «СЫР БОЙЫ СҰРАПЫЛ СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА» ФОТОКӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«СЫР БОЙЫ СҰРАПЫЛ СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА» ФОТОКӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


Сыр өңірінде Ұлы Жеңіс күніне орай облыстық өлкетану музейінде «Сыр бойы сұрапыл соғыс жылдарында» атты фотокөрме ұйымдастырылды.

Барлық білім беру ұйымдарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері және интернационалист жауынгерлермен кездесулер өткізілді.
Ұлы Жеңіс күні кең көлемде атап өтіліп жатыр. Тағзым алаңына жұртшылық таңсәріден жиналды.
Сыр жұрты боздақтарды еске алып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Салтанатты жиынға қатысқан майдангерлер 73 жыл бұрын тігілген Жеңіс туы бүгінгі бейбіт заманның негізі екендігін айтты. Жалпы Сыр өңірінен сұрапыл соғысқа 150 мыңдай сырбойылық аттанған. Солардың жартысынан астамы туған жерге оралмаған. Қазір өңірде көзі тірі 37 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Солардың бірі Әбдірауық Сатыбалдиев 361-дивизия құрамында болып, Ленинградты қорғауға қатысқан.
94 жастағы қарт майдангер бүгінде Ұлы Жеңістің 73-көктемін ұрпақтарымен бірге қарсы алып отыр. Біз батыр атамызды Жеңіс күнімен құттықтап, отты жылдар естелігін жазып алған едік.
Әбдірауық Сатыбалдиев, соғыс ардагері:
– Ленинград майданына бардым. Ленинградта кәдімгідей қырғын соғыс. Содан Ленинградты қорғауға 1944 жылдың аяғына дейін болдық. Бірнеше қалаларды жаудан босатып, Балтық бойына қарай жылжыдық. 45 жылы Рига қаласында тойладық. Соғыс болмасын енді, аманшылық болсын! Егемендік алдық, халқымыз аман болсын! Біздің көргенімізді көрмесін, тыныштық болсын!
Биыл ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне бір реттік материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге жергілікті қазынадан 422 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ қарт майдангерлердің үйін жөндеп, қора-қопсысын ретке келтіру секілді жастар бастамалары жыл бойына жалғасады.
Ардагерлерге балғындар да өз тартуын жасады. Балалар ауылының тәрбиеленушілері жылдық есеп беру концертін Жеңіс күніне арнайы ұйымдастырды. Ән-жырдан шашу шашып, сахналық қойылымдар қойды.
Ұйымдастырушылар жеңімпаз ұрпақтың ұлы ерлігін дәріптеп, балғындарды патриоттыққа баулуды көздегендерін айтады.

24 кз
09 мамыр 2018 ж. 1 657 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам