ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ

– Шараның басты ұйымдастырушылары – Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері және облыстық спорт басқармалары, «Жомарт» қоғамдық бірлестігі, «Шуақты Бөбек» қоғамдық қоры болып табылады. Марафон 13 мамыр күні сағат 09.00-де басталады. Қатысушылар Тұңғыш Президент саябағынан бастап, Сұлтан Бейбарыс көшесі, Тәуелсіздік даңғылы арқылы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионға дейін жүгіріп өтеді. Оған 16 жастан жоғары адамдар қатыса алады. Қатысушыларды тіркеу 25 сәуірден 11 мамырға дейін жүргізіледі. Тіркеу жарнасы: жеке қатысушыларға – 500 теңге, командалық қатысушылар үшін – 2500 теңге, – деді Ж. Алдабергенов.
Марафоннан жиналған қаржы «Шуақты бөбек» қоғамдық қоры арқылы дамуында ауытқушылығы бар балаларға арналған оңалту орталығын ашуға жұмсалады.
Айта кету керек, аталмыш бағыттағы марафон өткен жылы да ұйымдастырылған. Онан түскен қаржы "Жастар Үйіне" жұмсалған болатын.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.