Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АДАМ ҚАЛАЙ ӨЗІН ЖАҚСЫ КӨРУІ КЕРЕК? ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН 3 ҚАТЕЛІК

АДАМ ҚАЛАЙ ӨЗІН ЖАҚСЫ КӨРУІ КЕРЕК? ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН 3 ҚАТЕЛІК

     Өзін бағалаудан бөлек адам өзінің болмысын жақсы көруі тиіс. Әрине бұл біреуге ерсі көрінсе, біреулер үшін шешімін таппай жүрген қиындықтарының негізгісі болуы ғажап емес. Адамға не нәрсені болса да үйренгені абзал. Қайырлысы өзімен күресте күйзелісті жеңуі. Төменегі ең көп кездесетін үш қателікті жібермесеңіз сіз өзіңізді жақсы көре аласыз.
Өзгелердің ойы
Көп адам осы тұрғыдан қателесіп жатады. Олар үшін өзгелердің ойы өзі қабылдаған шешімнен де артық болып көрінеді.Біз кейде өзгенің ойын тыңдауда, сіз уралы пікірін естуде артық кетеміз. Тым көп ақыл айтқыштардың бос сөздерін көңілге жақын алып, өмір сүруге деген құштарлықты қолмен тұншықтырамыз. Кейін менде мынау жоқ, анау менен жақсы деген салыстырмалы түрде өмір сүруге көшеміз. Қарапайым мысал сіздің бет әлпетіңізге қараған адам сізді ұсқынсыз деді делік. Егер сіз бір рет оны еститін болсаңыз дереу айнаға қарап қай жерім ұнамай қалды деп ойлана жөнелесіз. Ал егер мұны сіздің әріптесіңіз немесе күнде көретін адам айтса бұл басқа гәп. Онда сіз өмірдегі ең ғажап жанмын деп есептей беріңіз. Сұлулығыңызға шүбә келтірушілермен емес, өмірлік ұстанымыңызбен күрес жүргізіңіз. Күмән адамның жүйке жүйесіне ауыртпалық түсіретін жағымсыз сезім.Көп күмәндәну адамның өзіне деген сенімінен айырып, еш нашар жағдайға тіпті суицидке арапуы ғажап емес. Сіздің бойыңызда ерекше қасиеттер болуы мүмкін. Басқа адамдарда болмаған дарыныңызды ашуға талпыныңыз. Өзіңізге ұнайтын нәрсемен шұғылданыңыз. Салауатты өмір салтын ұстанып, жұмысыңыз бен отбасыңызыды сақтап қалуды ойлаңыз. Кейде ой адамды жеп, қажытып жібереді. Тәуекелшіл болыңыз. Білім мен өнерге ден қойыңыз. Киім алып, көлік таңдағанда немесе көптен мазалаған нәрсенің шешімін осы салада сізге қарағанда тәжірибелі адамды кезіктіріп жатсаңыз тыңдауға болады. Бірақ шешім сіздің өміріңізге нұқсан келтірмуіне көзжеткізіп барып, шешім қабылдаңыз. Өзгенің пікірін тыңдап өмір сүретін бескүндік жалған қамшының сабындай қысқа. Бірақ тым өзімшіл болудан аулақ болыңыз. Бұлсіздің абыройыңызға кері әсерін тигізеді.
Өткенге өкіну
Ең ақымақ адамдардың сүйікті ісінің бірі. Өткенге оралу тіпті физикалық жағынан алып қарасаңыз да мүмкін емес нәрсе. Міне, сол кездегі сәтті мың рет қайғырып, жүз рет жылап алсаңызда қайта орала алмайсыз. Сол кездердегі жақындарыңыздың сізге деген көз қарасы, тіпті фотосуреттегі әрекеттердің өзі қайталанбас сәттер. Біреуді өлердей сүйіп, ал алдыңыздан алғашқы махаббатыңыз шығып қалатын жағдай болса, біліңіз сіз ол адаммен сол баяғы сәттерді бастан қайта өткере алмайсыз. Ол адамның сізбен қарым қатынасы, қазіргі жағдайда ортақ ұқсастықтар табудың өзі ойлауға келмейді. Темірді қызығанда соғу керек дейді. Әр нәрсені өз уақытында ертең өкінбейтіндей шешім қабылдау керек. Егер шешім қабылдаған болсаңыз, онда өкінудің еш қажеті жоқ. Ол күйге сізді жеткізген өзге емес. Өз өзіңізді жеудің орынана қазіргі уақыттың бағасын түсініңіз. Дәл қазір сізде ойланып тірлік қылуға екі есе уақыт бар.
Қорқыныш
Бойжеткендер оларға жылы сөз айтып, мақтағанда немесе танысуға ұсыныс білдіргенде қатты қобалжиды. Олар бұған өзін лайық көмей кейде теріс ауап береді. Кейде әлігі адамнан тезірек құтылудың амалы ретінде дөрекі мінез көрсетеді. Ақбозат мінген ханзаданы қиялдап, ұсыныс білдіргендерге бас тарпаңыз. Мүмкін ол адамның әлеуметтік жағдайы артық немесе кем болуы мүмкін. Бірақ өзіңізді өзгемен тең көріңіз. Өзгеден озуды ойлап өмір сүрсеңіз, сол адамнан түбінде ұтылуыңыз ғажап емес. Армандар орындалуы үшін сізден әрекет болуы керек. Қорқыныты жеңу үшін өзіңізді басқара біліңіз. Яғни, қандайда бір күтпеген жағдайға тап болсаңыз асып-саспай әрекет етіңіз. Қатты байбаламға салынсаңыз жұрт сіз туралы басқаша ойлауы мүмкін. Бәрін көтере біліңіз. Қуаныш пен қайғыны тең дәрежеде ұстаңыз. Батыл болыңыз. Сіз бар кереметке лайықсыз. Соны жоғалтып алмау үшін өзіңізге есеп беруді үйреніңіз.
                                                                 Дереккөзі: zhenskoeschastie.com
14 мамыр 2018 ж. 2 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам