Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 4 АЙДА 340 АЗАМАТҚА КЕҢЕС БЕРГЕН

4 АЙДА 340 АЗАМАТҚА КЕҢЕС БЕРГЕН

  Бүгінгі таныстыратын кәсіпкеріміз де Сырдария ауданы Асқар Тоқмағамбетов ауылының тұрғыны. Рашид Ысқақов 2012 жылдан бері «Мырзабек» шаруа қожалығын құрып, кәсібін өрістетуде. Ең алғаш малды асылдандыру бағытында жұмыс жасауға «Агро несие» корпорациясынан 10 млн.теңге несие алады. Оған қыстау сатып алады, басқа өңірлерден асыл тұқымды ірі қара мал алып келеді.
«Біз асылдандырумен айналыстық. Асыл тұқымды бұқаларды Орал, Ақтөбе қалаларынан, Арал жақтан алып келдік. Міне, 7 жылдан бері асылдандыру жұмысымен айналысып жатырмыз. Нәтижесін көргеніміз, біздің төлдеріміздің бұрынғыдай емес, түр-тұлғасы жақсаруда. Малды асылдандырмай нәтиже күту қиын. Мәселен, 1 жастағы өгізшені асылдандырсақ, 150-160 кг-ға дейін ет беріп отыр. Бұл бағдарлама бізге үлкен көмек көрсетті», - дейді кәсіпкер.
Табыстың тілін тапқанның және ерінбей еңбек еткеннің берекесі селене түседі демекші Рашид Ысқақов өзінің еңбекқорлығының арқасында егін егумен де, мал шаруашылығымен де айналысады. Өткен жылы 5 шаруашылық қосылып, «Береке» атты ауыл шаруашылық кооперативін құрады. Әр шаруашылық қолында бар малы мен техникасын біріктіріп, мемлекеттік бағдарлама аясында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығынан 14 млн.теңге несие алды. Қаржы институтына құжаттарын әзірлеуде Кәсіпкерлер палатасының Сырдария аудандық филиалы мамандары жобасын сүйемелдеп, жан-жақты қолдау көрсеткен.
«Мұның да үлкен нәтижесін көрдік. 14 млн.теңге несие алып, шөп тайлағыш, оның шөп орғышын, тырмасын алдық. Соның арқасында ешкімге тәуелді емеспіз. Малға қажетті шөпті өзіміз әзірлеудеміз. Одан бөтен күріш егумен де айналысып жатырмыз. Оған да мемлекеттік қолдау бар. Жалпы бизнесті бастау үшін оның негізін, экономикалық тиімділігін түсіну керек», - дейді «Игілік-Береке» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы Рашид Ысқақов. 
Мал тұқымын асылдандырумен және малды бордақылаумен айналысатын кәсіпкердің ендігі жоспары құс шаруашылығымен айналысу. Ол үшін жер дайындап, қорасын да салып қойды. Енді қажетті құрал-саймандарын алып келіп, іске қосу, мал соятын алаң ашу да ойында бар. Сол кезде 20-ға жуық адамды жұмыспен қамтимын дейді кәсіпкер.
Айта кету керек, осы жылдың 4 айының өзінде сырдариялық 67 азамат Палатаның аудандық филиалынан сервистік қызмет алып, 340 жеке тұлғаға 680 кеңес берілген. 
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
17 мамыр 2018 ж. 1 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам