Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БІЗДІҢ БАТЫРХАН

БІЗДІҢ БАТЫРХАН

    Қызылорда қаласында әнші-композитор Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған «Отан-Ана» республикалық әншілер байқауы екінші рет өткізілді. Оған еліміздің көптеген өңірі мен Өзбекстаннан өнерпаздар келді.
Әншілер байқауынан бұрын оны ұйымдастырушылар Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрда баспасөз мәслихатын өткізді. Оған Батырхан Шөкенов атындағы қоғамдық қор директоры Олжас Байқанов, облыс әкімінің кеңесшісі Ержан Әбдірахманов, эстрада жұлдыздары Дильназ Ахмадиева, Рүстем Нұржігіт және Ринат Гайсин қатысты.
— Батырхан Шөкенов ел есінде жарқын жүзімен, жүрек тебірентер әндерімен қалды. Саксофонда ойнап, продюсерлік қырымен де танылды. Оның қайталанбас таланты талай жасқа үлгі болды. Облыс әкімдігі өнерге құштар жастарды қолдау мақсатында Батырхан Шөкенов атындағы байқауды биыл екінші рет ұйымдастыруды қолға алып отыр, – деді Е.Әбдірахманов.
Баспасөз мәслихатында Батырхан Шөкенов туралы естеліктер айтылды.
— Оның жұлдызды ғұмыры Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі болды. Әлбетте, әріптестерінің жүрегінен ойып тұрып орын алған абзал дос муза жылнамасында алтын әріппен жазылып қалатыны ақиқат. Оның өмірлік жолын бәрі біледі. Болмысынан сазгер, туа біткен талант Батырханның еңбексүйгіштігін өнер тарландары үлгі тұтады, - деді Р.Гайсин.
Өнер байқауында 25 әнші бақ сынады. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 16-30 жас аралығындағы 130-дан астам үміткер қатысуға өтінім берген. Соның ішінен іріктелген 25 әнші байқаудың бірінші кезеңінде еркін тақырыпта ән салса, екінші кезеңде Батырхан Шүкенов репертуарынан бір әнді орындады.
Жастардың талантын байқап, оларды бағалайтын әділқазылар құрамында елімізге кеңінен танымал музыка саласының кәсіби мамандары мен композиторлар, оранжировка жасаушылар мен өнер және мәдениет қайраткерлері бар. Олар өнерпаздардың әнімен қатар, сахналық костюміне, өзін-өзі ұстауына баса мән берді.
Талапкерлердің барлығы жастайынан Батырхан әндерін естіп, тыңдап өссе де, оның әндерін айту оңайға түспегенін айтады. Кентау қаласынан келген талапкер, жас әнші Ерік Төленов мұндай сайысқа алғаш рет қатысып отыр. Ол Батырхан сияқты биік деңгейдегі әнші болғысы келеді.
— Ағамыз қай қырынан қарасаң да, осындай өнерпаз жастарға үлгі бола білді. Бұл ән додасының басты ерекшелігі – әншілерге минусовкада бэк-вокалды қолдануға рұқсат берілмеді. Мен Батырхан Шөкеновтың әнін орындағанда аса қатты қобалжыдым. Себебі, оның әндерінің барлығы дерлік деңгейі өте жоғары туындылар, – дейді жас әнші.
Өнер додасының қорытындысы бойынша Шөкеновтер отбасының арнайы жүлдесін алматылық Сырымтай Еңсепов иеленді. Сондай-ақ, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы жүлдесін қызылордалық Арайлым Маханбетжанова, Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған қала әкімінің арнайы жүлдесін ақтөбелік Нұртас Омаров еншіледі. Үшінші орынға қызылордалық Индира Баимбетова, екінші орынға Батыс Қазақстан облысынан келген Айымбек Сартуков, бірінші орынға қызылордалық Гүлнар Көшенова лайық деп танылды. Байқаудың бас жүлдесі өнері өзгелерден ерек танылған, Батырханның әнін өзіне тән ерекшелікпен орындап шыққан кентаулық Ерік Төленовке бұйырды.
Байқаудан тыс өнерпаздар тал отырғызып, қаланы көгалдандыру жұмыстарына ат салысты. Байқау лауреаттары гала концертке қатысып, эстрада жұлдыздарымен бірге өнер көрсетті.
                                                                               Биболат Сәтжан
21 мамыр 2018 ж. 1 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам