Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАТЫРХАН ШӨКЕНОВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

БАТЫРХАН ШӨКЕНОВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

  Мамырдың 16-18-і күндері аралығында Қызылордада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған «Отан-Ана» ІІ республикалық әншілер конкурсы өтеді. Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорданың 200 жылдығына тұспа-тұс келген бұл байқауды Қызылорда облысы әкімдігі қолдап отыр.
Республикалық байқауға 18-30 жас аралығындағы әншілер қатыса алады. Қатысушылардың өнер көрсету реттілігі алдын-ала жеребе таңдау арқылы анықталады. Байқаудың басты ерекшелігі әншілерге минусовкада бэк-вокалды қолдануға рұқсат берілмейді. Конкурстың бірінші кезеңінде талапкер еркін тақырыптағы әнді фонограммамен (минус-1) орындаса, ІІ кезеңде Б.Шөкеновтің әнін инструменталды ансамбльдің сүйемелдеуімен айтуы тиіс. Қатысушылардың өнерін бағалайтын қазылар алқасының құрамында белгілі кәсіби музыканттар, композиторлар, өңдеушілер мен мәдениет және өнер қайраткерлері болады. Ресейден танымал музыканттар мен белгілі тұлғалар арнайы қонаққа келмек.
Конкурсты ұйымдастырушы: Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және «Таңдау» продюсерлік орталығы.
Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін Алматы қаласындағы «Таңдау» продюсерлік орталығы мен Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығына жіберу керек.
06 сәуір 2018 ж. 2 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 061 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам