ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЗАҚ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ ҚҰРЫЛАДЫ

– «Сыр елі – жыр елі» десек, қазіргі таңда Сыр өңіріндегі бірнеше жыраулар мектебінің өкілдері ұлттық өнерді дәріптеп келеді. Оларды заманауи деңгейде дәріптеп, насихаттау үшін аймақта Қазақ дәстүрлі өнер академиясын ашуды жоспарлап отырмыз. Тиісті ұсыныстар Үкімет қарауына дайындалды, – деді облыс әкімі.
Осы ретте Иран Ислам Республикасының Қазақстан Респбуликасындағы Елшілігі биылғы жылдың 25 мамыры мен 3 маусымы аралығында Қызылордада «Шахнама» атты ирандық көрмені өткізбек. Олар көрме өткізу арқылы Тұрмағамбет Ізтілеуұлының Фирдоусидің «Шахнамасын» қазақ тіліне аударып, жырлатуы зор маңызға ие екенін айтып отыр.