«ҚОРҚЫТ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ
Қызылордада үш жылда бір ұйымдастырылатын Халықаралық өнер фестивалі 27-29 қыркүйек аралығында өтеді. «Қорқыт және ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық музыкалық өнер фестивалі үш қатарынан жалғасады.
Ертең Өңірлік коммуникациялар қызметінде түркітілдес өнерпаз қонақтар мен фольклортанушы ғалымдардың қатысуымен баспасөз-конференциясы өтіп, шараның шымылдығы түріледі. Сондай-ақ, меймандар рәміздер алаңы, облыстық тарихи-өлкетану музейі және қаланың тарихи орындарымен танысып, кешкі 18.30-да Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Иран Ғайыптың «Қорқыттың көрі» спектаклін тамашалайды.
Өнер фестивалі аясында этнографиялық көрме мен халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді. Ал, «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты Халықаралық фольклорлық музыкалық өнер фестивалінің салтанатты ашылуы 28 қыркүйек күні сағат 19.00-де болады.
Сонымен қатар, өнерпаздар Қорқыт Ата мемориалды ескерткішіне барып, «Салт-дәстүрі сақталған Сыр елі» атты этноауыл көріністерімен танысады.