Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ МЕКТЕП ТӘМАМДАДЫ

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ МЕКТЕП ТӘМАМДАДЫ


Соңғы қоңырау сылдыры естілетін күн де келді. Он бір жыл бойы оқыған алтын ұяңмен қоштасатын сәт те жетті. Мектепті тәмамдап, үлкен өмірге қадам басатын түлектердің сезімдері ерекше. Солардың бірі – Абай Құнанбаев. Сырдария ауданы, Бесарық ауылында тұратын Абай Құнанбаев. Ол №147 мектептің түлегі станды.
Кеудесін қимастық сезім билеген оның бүгінгі көңіл-күйі ерекше. Тарыдай болып кірген мектебінен терең білім алды. Он бір жыл бірге оқыған қатарластарымен достаса білді. Енді ата-анасының, ұстаздарының үмітін ақтау үшін – үлкен өмірге қадам баспақ.
Абай өзінің қазақ халқы ардақ тұтқан Абай Құнанбаевпен аты да, тегі де бір болғанын өзіне үлкен жауапкершілік деп түсінеді. Қазаққа ғана емес бүкіл әлемге танымал тұлғамен аты-жөні бірдей болғанын мақтан етеді.
– Абай Құнанбаев атамыз біздің халқымызға ерекше еңбек сіңірген. Оны үлкендер әрдайым айтып отырады. Аты-жөнім осындай дара тұлғамен аттас болғанына қуанамын. Кей кезде аты-жөнімді көпшілік қауым қызығушылықпен қайталап сұрап жатады. Барлық сенімді ақтау үшін барымды саламын. Ең бастысы, туған жерге қызмет ету ғой! Келешекте елеміздің дамуына, көркеюіне үлес қосу басты мақсатым, – дейді ол.
Абайдың барлық түлектер секілді мамандық таңдауда алдына қойған мақсаты бар. «Қазіргі таңда электрик мамандығы сұранысқа ие. Мәселен, біздің ауылдың өзінде ондай маман тапшы. Сондықтан осы сала бойынша білім жетілдіріп, болашақта туған ауылыма қызмет еткім келеді», – деді жас Абай Құнанбаев.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
25 мамыр 2018 ж. 1 782 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 424 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам