ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖАЙЛЫ НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері 2017-2018 жылдардың жылу беру кезеңінде өрттерде адамдардың өлімі мен жарақаттануын болдырмау мақсатында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Бұл шарада Қызылорда қаласы бойынша тұрғын секторларға Қызылорда қаласы, Әл-Фараби, Болашақ, Ә.Бөкейхан, С.Торайғыров көшелеріне және Ақмешіт мөлтек ауданына, Тасбөгет кенті Тасарық, Ғ.Мұратбаев, Ә.Жангелдин, Маханбетов көшелері тұрғындарына үгіт жасалды. Сондай-ақ, осындай шаралар Ақжарма ауылдық округінің Тастимов, Ә.Молдағұлова, А.Құнанбаев, Ғ.Мұратбаев, Абай ауылдық округінің Бейбітшілік, Абай, С.Тайжанов, Ю.Гагарин, Ш.Қоянов, К.Махамбетов, Аманкелді батыр, Ж.Жабаев көшелерінде болды.
Үгіт-насихат жұмыстары 847 тұрғын үйге жүргізілді. Ондағы адам саны – 4110. Таратылған үнпарақ саны – 878 дана болды. Осы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.