Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЫР ӨРЕНДЕРІ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

СЫР ӨРЕНДЕРІ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

   Үстіміздегі жылы облыс бойынша 1-10-сынып аралығындағы 140 мыңнан астам баланың 136 200-і лагерьде тынығуға мүмкіндік алады. Бұл  олардың 97 пайызға жуығын қамтиды. Бұл бағытта облыс орталығы мен аудандардағы  жазғы 9 лагерьде 7 ауысым бойынша жұмыс жүргізіледі.  Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлім етті.
– Оқушыларға арналған барлық демалыс орындары жұмысын 1 маусымнан бастайды. Биыл  облыс көлемінде оларды  сауықтыру, білім беру, қызметін көрсететін 485 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Облыстан тыс аймақта орналасқан демалыс орындарында мұнай компанияларының қолдауымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасының балалары тынығатын болады, – деді облыстық білім басқармасының басшысы.
Сонымен қатар, жазғы тынығу кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар іш-шаралар қолға алынады. Мәселен, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары лагерь басшылары мен орынбасарларына мамыр айында «Қауіпсіз жаз-2018» тақырыбымен түсіндірме сабақтары өткізілген.  «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жазғы кезеңдегі балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша 20 қызметкер біліктіліктерін арттырған.
                                                                      Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
29 мамыр 2018 ж. 1 420 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам