Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "КАНЕЛОНЫҢ" КОМАНДАСЫ ГОЛОВКИНМЕН КЕЗДЕСУДЕН БАС ТАРТТЫ

"КАНЕЛОНЫҢ" КОМАНДАСЫ ГОЛОВКИНМЕН КЕЗДЕСУДЕН БАС ТАРТТЫ

    Golden Boy Promotions" промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес ESPN Deportes-ке берген сұқбатында 15 қыркүйек күні "Канеломен" кездесетін жаңа қарсылас іздеуге ресми түрде кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz.
Гоместің бұл сөзі олардың Геннадий Головкинмен кездесуден бас тартқандарын білдіреді. Өткен жылы қыркүйекте өткен кездесуде тең тарқасқан қос боксшы биыл дәл сол уақытта қайта жұдырықтасып, шын мықтыны анықтағылары келген еді. Алайда, жеме-жемге келгенде сыйақы мөлшеріне келісе алмай қалды. Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) командасы қазақстандықпен өтетін қарымта матчтан түскен табыстың 65%-ын өзіміз аламыз деп отыр. Ал отандасымыздың командасы табысты теңдей бөлсек деген талаптарын қойды. Осы мәселеге келгенде қос тараптың жолы екіге айырылды.
Эрик Гомес енді орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО), орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 KO), орта салмақтағы WBC белбеуінің уақытша чемпионы америкалық Джермалл Чарло (27-0, 21 KO) немесе ирландиялық Гэри О'Салливан (28-2, 20 KO) және канадалық Давид Лемье (39-4, 33 KO) қатарлы боксшылармен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.
Ол тағы Головкинмен реванш өткізуге қарсы болмағандарын, бірақ қазақстандықтың соңғы сәтте жөнсіз талап қойғанын жеткізді. Әрі GGG өзіне ұнаса, бар болғаны 12 жекпе-жек өткізген, әлі ешкім танымайтын Сергей Деревьянченкомен (міндетті қарсыласы) жұдырықтасып жүре берсін деп мысқылдап та қалды. 


30 мамыр 2018 ж. 910 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам