СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫ ПОЛЬШАДА ТЫНЫҒУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Сырдария ауданының орталығында орналасқан №210 О.Əбілпаттаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Сейдалиева Аяулым Польша мемлекетінің жазғы тынығу лагеріне жолдама алды.
Білімді оқушы аталған жолдамаға «Кенгуру-Математика» халықаралық интеллектуалдық математика олимпиадасында жүлделі І-орынға ие болу арқылы қол жеткізді.
Сырдариялық оқушы Польша мемлекетінің жазғы тынығу лагерінде ағымдағы жылдың 31 шілдесі мен 9 тамыз күндері аралығында демалады.
Халықаралық жарыста топ жарып, аудан абыройын асқақтатқан оқушыны интеллектуалдық математика олимпиадасына ұстазы Ажар Накатова дайындаған.
Бүгінде есепке жүйрік озат оқушы ата-ана үмітін, ұстаздар сенімін ақтағанына қуанышты. Жас өренді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да білім бәсекелерінде жеңімпаз атанатынына сенім білдіреміз.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.