Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БҰҚАРБАЙ БАТЫРДЫҢ ҒИБРАТЫ

БҰҚАРБАЙ БАТЫРДЫҢ ҒИБРАТЫ

  Ұлтымыздың ұлықты сөздерін бала кезден көңілге тоқып өстік. Ауылда шежірелі қарттар көп болатын. Солардан естіген әңгімелердің кейбіреуі есімде қалса, бәзбіреуі ұмытылып барады. Жалағаш жақтың тумасы болған соң ба, Бұқарбай батыр жайлы біздің жақта аңызға бергісіз әңгімелер көп айтылатын. Анам мен әкем егде тартқан кезде өмірге келгеннен бе, білмеймін үлкендердің әңгімесіне аса мән беріп ұйып тыңдайтынмын. Мүмкін ол кезде қазіргідей ұялы телефон, ғаламтор дегендер жоқ болғандықтан болар. Біздің көріп мәре-сәре болып тамашалайтынымыз телеарнадан екі-ақ канал болатын. Оның да уақыты шектеулі еді. Оқитынымыз – кітап, тыңдайтынымыз – радио. Құлақ құрышын қандырар термелер мен қазақша әндерді тек пластинка қосып тыңдаймыз.  Отбасындағы тәлім-тәрбие де ізгілікті іске баулитын. Біздің үйге әкеммен жүздесіп, әңгімесін тыңдауға қариялар көп келетін. Дастархан басында отыра қоймасам да сол күнгі ғибратты әңгіме санамда әлі күнге дейін сақталып қалыпты.
Ол қариялар да, әкем де қазір дүниеден өткенмен, сөзі өлмегені бәлки әңгіме айтушының сөзге ұста, тектілігінен болар деп топшылаймын. Еңсесі тік, көсем сөзге ұста абыз жанның аңызға бергісіз өнегелі әңгімесі талай адамды толқытқаны анық.
Оның айтуынша батыр бабамыз Бұқарбайдың 80-ге толған шағы екен. Қапсағай денелі, кең жауырынды батыр бабаға Шортанбай би есімді інісі сәлем бере келіпті. Ол кісі де сөзге шешен, суырылып шаршы топта сөз бастаған жандардың бірі болса керек. Сонда ағасына былайша ізгі лебізін білдіріпті. «Уа, батыр аға, сексеннің сеңгіріне шыққаныңыз құтты болсын. Қанша жасайтыныңыз бір Алланың құзырында ғой. Десе де, арамызда осы абыздық қалпыңызбен жүре тұрғаныңызды мақұл көрер едік. Өйткені, сіз алты Алашқа мәшһүр адамсыз. Сіздің осылайша төрде төбедей болып, төрелік айтып отырғаныңыздың өзі неге тұрады. Кезінде билердің биі атанған Әнет бабамызға Әйтеке би «Әнет аға, сіз 60 жастан ауыздығымен алысқан арғымақтай арындап өттіңіз. Алқынған жоқсыз. 70 жаста желкенін көтерген кемедей күй кештіңіз, өмір айдынында еркін жүздіңіз, шайқалған жоқсыз. 80 жасқа да сергек жеттіңіз. Баяғы сол қалпыңыз, баяғы сол сырбаздығыңыз. Енді алдыңызда сізді жұп-жұмсақ торқалы тоқсан күтіп тұр» деген екен. «Алла сізге соны да көруді нәсіп етсін» депті.
Сонда батыр бабамыз «Алла разы болсын, шырағым, өзің білесің, саналы ғұмырымның тең жартысына жуығын оқ пен оттың, өмір мен өлімнің ортасында өткізген жанмын. Содан тірі қалып. Орталарыңда отырғанымның өзі мол олжа емес пе? Аз жасадым деп отырғаным жоқ бәріне де мың мәрте тәуба. Алла аманатын қазір алса да, мен әзірмін. Көп жасау шарт емес, адам болып өмірге келген соң мәнді, мағыналы ғұмыр кешкен ләзім ғой» деп жауап берсе керек. Неткен ғажап сұқбат десеңізші. Қазір ақыл тоқтатқан сәтте аға мен інінің арасында керемет өрілген ұлықты сөздің мағынасын терең сезініп отырмын. Сол заманда парасатты ойдан пайым, төрелі сөзден түйін жасайтын көнекөз қариялар көп болған ау деп ойлаймын.        Қазыналы қарттықтың да қадір-қасиеті деген бәлки сол болар. 
                                                                           Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА.
04 маусым 2018 ж. 1 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам