Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС БАЛАЛАР ОЙ-САНАСЫН ӨСІРЕДІ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС БАЛАЛАР ОЙ-САНАСЫН ӨСІРЕДІ

    Жаздың жаймашуақ күні де келіп жетті. Мектеп оқушылары асыға күткен жазғы демалысқа шықты. Бірі ауылдағы туыстары мен ата-әжелеріне баруды ойласа,  кейбірі лагерьлерде тынығуды жөн көреді. Маусым айынан бастап жазғы лагерьлер балаларға есігін айқара ашты. Оның ішінде  мектеп жанында жұмыс істейтін орындар бар.
Жазғы демалыста оқушылардың уақыты босқа өтпеуі үшін қаладағы мектеп жанында лагерьлер дайындық жұмыстарын жүргізді. Бұл жөнінде қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітовтен сұраған едік.
Биылғы оқу жылында 1-10 сынып аралығындағы 52 мыңнан аса оқушының 48 мыңға жуығы жазғы кезеңде демалыспен қамтылады деп жоспарлануда. Яғни, бұл 92,3 пайызды құрайды. Барлық 54 мектепте күндізгі тынығу лагерьлері жұмыс жасайды. Оның ішінде 11 мектеп жанында толық күндізгі жатын орын, 43 оқу ошағында бір мезгілді күндізгі тынығу орны қызмет етеді. Онда барлығы 4780 бала қамтылады.Көп балалы аналар мен әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар үшін мектепішілік лагерь өте қолайлы. Балалар мұнда үш мезгіл тамақтанып, түрлі ойындар ойнап, бой сергітпек. Сондай-ақ, «Сырдария» тынығу лагерінде жазғы 7 ауысымда 1050, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан 499 бала демалуға мүмкіндік бар,  – деді ол.  
Мектеп лагерінде қыз бен ер балаларға арналған арнайы жатын бөлмелер, ойын, тынығу бөлмелері бар. Жас өрендер өздеріне ұнайтын пайдалы әрі тиімді іспен шұғылданады. Оған арнайы жетекшілер  жағдай жасайды. Оқушылардың білімі мен ой-өрісін кеңейту мақсатында интеллектуалдық сайыстар, ұлттық ойындарды ойнатуға баса назар аударылған. Әртүрлі бағыттағы мәдени-көпшілік іс-шаралар барысында музей, саябақ, көрме сияқты мәдениет ошақтарын көріп-білуге жорықтар ұйымдастырылады.
Ал, «Сырдария» тынығу лагері балғындарға керемет көңіл-күй сыйлау үшін бірқатар танымдық үйірмелер ашуды қолға алған. Мәселен, «Ақылды спорт»үйірмесі жұмыс жасамақ. Онда тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, арқан тарту, алтыбақан секілді ұлттық ойындар үйретілмек. Сондай-ақ, «Этноауыл» ұлттық орталығы қызмет етеді. Екі киіз үй тігіледі. Оның ішіндегі «Ұлттық бұйымдар» және «Шебер қолдар» үйірмесі арқылы ұлттық дәстүрлер мен құндылықтар жайында терең мәліметтерге қанығады. Кәсіпкерлерді тарту арқылы лагерь аумағында батуттар, планетарий орнатылады. Бұл игі істің барлығы – балғындар үшін жасалмақ. Олар осылай балалықтың бал дәмін сезіне білмек.
Биылғы жылдың ерекшелігі Оқушылар сарайында «Zhazgy Time» танымдық-шығармашылық мектебі ашылмақ. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында үш ауысымды ол жұмыс жасайтын болады. Бағдарлама бойынша жас өрендер танграм, робот техникасы, спорттық туризм, хореография, палитра, планетарий, шығармашылық зертхана, тілдік мектеп, интеллектуалды ойындар мен тренингтерге қатыса алады. Онда 300 бала қамтылады деп жоспарланған.     
Жазғы дем­а­лыс – балалардың жақсы тынығып шығуға жасалатын  мүмкіндік. Сондықтан олардың бұл мезгілді  қызықты өткізуіне қолайлы жағдай жасалғанына не жетсін.
                                                                                  Айтолқын АЙТЖАНОВА.
05 маусым 2018 ж. 2 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам