Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЗЕРБАЙЖАНДЫ ОЙСЫРАТА ЖЕҢДІ

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЗЕРБАЙЖАНДЫ ОЙСЫРАТА ЖЕҢДІ

    Елордадағы «Астана-арена» стадионында өткен футболдан Қазақстан  мен Әзербайжан құрамалары арасындағы жолдастық матчы мәресіне жетті. Нәтижесінде алаң иелері қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бірінші кезеңнің 13-інші және 15-минутында қазақстандық Роман Мұртазаев пен Серікжан Мужиков 2 доп соқты. Ойын нүктесін 89-минутта ҚР құрамасының ойыншысы Бахтиёр Зайнутдинов қойды. Осылайша, футболшыларымыз 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.   Біздің құрама үшін Әзербайжан сыралғы қарсылас. Бүгінгі күнге дейін қос құрама сегіз мәрте кездесті. Жолдастық кездесуде үш мәрте ойнаса, бір мәрте Шымкент қаласында өткен халықаралық турнирде доп тепті. Сондай-ақ іріктеу кезеңінде 4 ойында шеберлік байқасты.   Қазақстан құрамасы 3 мәрте жеңіске жетсе, екі мәрте жеңілді, 2 ойында тең ойын тіркелді. Соңғы мәрте құрамалар 2016 жылы 26 наурызда Түркияның Анталия қаласында жасыл алаңға шығып, онда Мақсат Байжановтың 8-ші минутта соққан жалғыз добы бізге жеңіс сыйлады. ФИФА-ның соңғы рейтингінде Қазақстан 117-орында тұрса, Әзербайжан 126-орынға жайғасқан. Естеріңізге сала кетелік, қос құрама да биыл алғаш рет бастау алатын Ұлттар лигасында 4 дивизионда сынға түседі. Қазақстан құрамасының қарсыластары - Андорра, Грузия және Латвия, Әзірбайжан Мальта, Фарер аралдары және Косовомен сынға түседі. Үстіміздегі жылы Қазақстан құрамасы 3 ойын өткізді. Біздің футболшылар 23 және 26 наурызда Венгрия жерінде алаң иелерін 3:2 есебімен жеңіп, Болгариядан 1:2 есебімен жеңілді. Болгар маманы Станимир Стоилов жетекшілігімен біздің құрама 3 ойын өткізіп, оның 2-де жеңіске жетті.

06 маусым 2018 ж. 1 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 928 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам