Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАҢА БАПКЕРДІҢ ЖАСАҚТАҒАН ҚҰРАМЫ ҚАНДАЙ?

ЖАҢА БАПКЕРДІҢ ЖАСАҚТАҒАН ҚҰРАМЫ ҚАНДАЙ?

   Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов Венгрия және Болгария құрамаларына қарсы өтетін жолдастық кездесулерге қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.  Ұлттық құрамаға "Астана" командасынан 12 футболшы шақырту алған. "Қайраттан" 9 ойыншы тізімге еніпті. Сондай-ақ Шымкенттің "Ордабасы" командасынан 2 ойыншыны тізімге қосқан.
Ақпан айында Ресейдің "Уфа" клубымен келісімшартқа қол қойған Еркебұлан Сейдахмет ұлттық құрамаға алғаш рет шақырту алды. Өзге қазақстандық командалардан бірде-бір ойыншы құрамаға ілікпеген. Ойыншылар жарақат алған жағдайда ғана "Тобылдан" Дмитрий Мирошниченко мен Виктор Дмитренко, "Қайсардан" Александр Марочкин келетін болады.  Еске салайық, 23 наурыз күні Будапешт қаласында Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізсе, 26 наурыз күні Фельчут (Венгрия) қаласында Болгария құрамасымен кездеседі. Шақырту алған футболшылар:  Қақпашылар: Александр Мокин, Ненад Эрич (екеуі де – "Астана"), Владимир Плотников ("Қайрат"); Қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый, Евгений Постников (барлығы – "Астана"), Гафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов, Станислав Лунин, Нұралы Әліп (барлығы – "Қайрат"); Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов (екеуі де – "Астана"), Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Магомед Парагульгов (барлығы – "Қайрат"); Шабуылшылар: Алексей Щеткин, Роман Муртазаев, Юрий Перцух (барлығы - "Астана"), Сергей Хижниченко, Еркебұлан Тұңғышбаев (екеуі де – «Ордабасы»), Еркебұлан Сейдахмет ("Уфа", Ресей). Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының екінші турынан кейін құрама сапында өзгерістер болуы да мүмкін. 
14 наурыз 2018 ж. 1 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 497 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам