Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӨПШІЛІКТЕН ҚОЛДАУ ТАПҚАН ӘЛІПБИ

КӨПШІЛІКТЕН ҚОЛДАУ ТАПҚАН ӘЛІПБИ

  Елбасымыз филолог ғалымдар ұсынған, көпшіліктен қолдау тапқан жаңа әліпбиге көшуге қол қойды. Бұл жазу таңбасы қазақ тілінің ғасырлар бойғы қалыптасқан заңдылықтарын (әсіресе, айтылым заңдылығын) бойына еркін сыйғыза алатын, дыбысқа әріптің саны сәйкес келіп, жазуға да ыңғайлы болатын таңба.
Ең бастысы, қазіргі заманғы ғылым мен техниканың дамуына барынша сәйкес келіп, еліміздің халықаралық деңгейде көрінуіне септігін тигізе алады. Біздің ойымызша, ұлттың, елдің келешегін ойлаған, көзі ашық, көкірегі ояу азамат мұнымен келіседі. Бұл жерде үйрену қиындығы, қаражат қиындығы, тағысын-тағылар екінші кезекке қалдырылу қажет. Бірінші кезекте елдің, тілдің тәуелсіздігі, содан туындайтын қажеттілік және тәуекел тұруы керек. Әрине, қай уақытта да өтпелі кезеңнің қиындығы болмай тұрмайды. Оның талайын халқымыз қара нардай қайыспай көтеріп алған, бастан өткізген, әлі де өткізіп келеді. Алайда, осыдан он жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсымыз, шүкіршілік жасауға болады. Әріп өзгертудің алғашқы кезеңінде де түрлі қиындықтар болуы әбден заңды. Өз басым қазақ үшін латын әрпі лайықты деп есептеймін. Жаңа әріпке көшкеннен кейін бірден барлық баспаларды бұрынғы орыс әрпімен басылған жәдігерлерді латын әрпіне көшіруге жұмылдыру қажет. Бұл айтылғандардың бәрі, әрине, өзіміздің субъективтік көзқарасымыздан туған ұсыныс іспетті пікірлер ғана. Ой-пікіріміздің осы бір ұлы іске кішкене де септігі тиер болса, мақсатымыздың орындалғаны деп түсінеміз.

Жеңіс СӘДУАҚАСҰЛЫ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры,
филология ғылымдарының докторы.


30 қазан 2017 ж. 1 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам