ӘЛІПБИДІҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Мемлекет басшысының қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынған болатын. Қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында құрылған жұмысшы топтың мүшелерінің қатысуымсен Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясында филология ғалымдарының докторы, профессор Ж.Сәдуақасұлы латын әліпбиін қоғамға насихаттау жұмыстарынна белсене атсалысатындықтарын жеткізді.
Жаңа әліпбиге көшу кезең-кезеңмен болады дегенді желеу етпей, кез келген азамат, әсіресе жастар, осы соңғы әліпби нұсқасын үйрене отырып, өздерін осы бастан дайындай берсе, басталған істің жемісті аяқталуын тездеткен болар еді.
Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру бойынша жұмыс атқарып жатқан жұмыс тобының ұсынған жаңа жобасы көңілге қонымды, тіліміздің төл табиғатына сай жасалған дүние болыпты. Неғұрлым әріптерді бұрынғы үйренген таңбалауға жақын етсек латын әліпбиіне көшу жеңіл болады.
Әліпби ауыстыру мәселесін түсіндіру, жаңа әліпби нұсқасын халыққа жеткізу бағытындағы жұмыстарымызды жалғастыра беретін боламыз.- деді Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрсәуле Дүйсембайқызы Мусаева.