Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «MEN QAZAQPYN» ЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

«MEN QAZAQPYN» ЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

   Дәстүрлі әншілер,термешілер мен күйшілердің «Men qazaqpyn» телевизиялық мега жобасының аудандық, қалалық іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Облыстық кезең 17 маусымда сағат 10:30-да А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында болған брифингте "Qyzylorda" телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала мәлімдеді.
Онда жүзден жүйріктер өнер көрсетеді. Үш жанр бойынша үздік деп танылған бір-бір өнерпаз республикалық кезеңге жолдама алады. Халықаралық мега жобада бақтарын сынайды. Қатысушылардың өнерін ұлттық өнерге еңбегі сіңген кәсіби білікті мамандардан жасақталған қазылар алқасы таразылайды. Жеңімпаз атанған дәстүрлі әнші, термеші, күйші жеке-жеке  марапатталады.
Асқан шеберлік танытқан үздік орындаушыға «Жылдың үздік дәстүрлі әншісі», «Жылдың үздік термешісі», «Жылдың үздік күйшісі»  Бас жүлде және лауреат атағы беріледі. Көрермендердің дауыс беруі арқылы «Көрермен көзайымы 2018» аталымының иегері анықталып  бағалы сыйлықпен марапатталады.
13 маусым 2018 ж. 1 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 081 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам