Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

  Бүгін, қала әкімдігінің мәжіліс залында шаһар басшысы Нұрлыбек Машбекұлы бірқатар ардагер ақсақалдарды мерейтойларымен құттықтады.
Салтанатты қабылдаудың басты кейіпкерлері, «Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының» иегері, «Қазақстанның Құрметті журналисі» Өтеген Жаппарханов ағамыз сексеннің сеңгіріне шықса, «Қызылорда облысының құрметті қайраткері» және «Арал ауданынының құрметті азаматы», «Құрмет белгісі» орденінің, «Еңбек ерені» медалінің иегері Қуанышқали Шапшанов және «Еңбектегі ерекше еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медалдарының иегері Амангелді Құдайбергенов 75 жасқа толып отыр.
- «Осы салтанатты сәтті пайдалана отырып, бүгінгі жастарға артқан сенімдеріңіз үшін, айтқан ақылдарыңыз бен үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шексіз алғысымызды айтамын.
Тәуелсіз еліміздің жас буынын патриоттық рухта тәрбиелеуде Сіздер әлі де бізге жол көрсетіп, аталық ақыл-кеңестеріңізді береді деген сенімдемін.
Сіздер ел егемендігі жолында түрлі қиын-қыстау заманда да сыр бермей еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуі аянбай тер төктіңіздер.  
Біз, Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бен еліміздің ертеңі үшін жасаған бар игілікті істеріңіздің алдында басымызды иеміз.
Ұлт болып ынтымақтасуды, отанды сүюді, бірлік пен бауырмалдық сынды құнды қасиеттерді біз Сіздерден үйрендік.
Сіздердің баталарыңызбен еліміз көгеріп, тілектеріңізбен жастарымыз болашаққа нық қадам басары анық», - деген қала әкімі, мерейтой иелерін Қызылорда қаласының «Құрмет» грамотасымен марапаттап, ардагерлердің иығына шапан жапты. 

14 маусым 2018 ж. 1 589 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам