МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін Шамшат Төлепова атындағы Қармақшы аудандық мәдениет үйінде 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиында аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы мемлекеттік қызметшілерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен бірге, мемлекеттік істерде өзінің біліктілігімен, іскерлігімен өнеге көрсетіп жүрген сала майталмандарына құрмет көрсетті. Оның ішінде, аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаевты, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Зере Метерованы облыс әкімінің, сондай-ақ бір топ сала озаттарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті-Әдеп жөніндегі кеңес пен аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Сонымен бірге, мереке аясында мемлекеттік және ведомство қызметшілері арасында өткен спартакиадада жалпы командалық есеп бойынша І орынды жеңіп алған аудан әкімі аппараты мен жүлделі ІІ және ІІІ орындарды иемденген аудандық ішкі саясат, сондай-ақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері құрамаларына дипломдар тапсырды.
Мерекелік шара одан әрі аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.