ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Есеп беру жиынына облыстан бекітілген өкіл ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Мұхимов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты. Қоғалыкөл ауылдық округінде өткен есеп беру кездесуінде Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев былтырғы жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Есепте кезеңде жүзеге асырылған жұмыстар туралы кеңінен айтып өткен аудан басшысы іргелі аудандағы ілкімді істердің іске асырылу барысына кеңінен тоқталды. Сонымен бірге, 2017 жыл аудан үшін табысты болғанын атап өтті.
Есеп беру жиыны барысында Қоғалыкөл ауылдық округінің әкімі Б.Ракимбеков, Бесарық ауылдық учаскелік полиция инспекторы Н.Сариев 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебін берді. Негізгі баяндамалар тыңдалғаннан кейін облыстан бекітілген өкіл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Мұхимов сөз сөйлеп, қазіргі таңда кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық беріліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, ауданның дамуына оң бағасын беріп, атқарушы билік өкілдерінің жұмысына сәттілік тіледі. Есеп беру жиынында Қоғалыкөл ауылының ардагері Ш.Сыздықов аудан әкімінің жыл бойы атқарған жүйелі жұмысына жоғары баға берді.