КАРАТЭШІ КЕМЕЛБЕК
Каратэ спортына бала кезден қызығып, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген Кемелбек Қабыланбек. 2001 жылы ақпан айында дүниеге келген.8 жасынан Осы спорттың қыр-сырына қанығып келеді. Бүгінгі таңда еліміздің 10 дүркін болған. Ол оқу мен спортты қатар алып жүріп, талай жетістікке қол жеткізген.
Кемелбек - 2010 жылы Орал қаласында өткен «Қарашығанақ кубогы» жарысында үздік үштіктен көрінді. Мұнан соң 2012 жылғы Гонконгта болған ХІІІ Азия чемионатында күміс жүлдені қанжығасына байлады. Сонымен қатар, 2013 жылы Жапонияны астанасы-Токио қаласында өткен жетінші әлем чемпионатында жүлделі 2-орынды иеленген 2014 жылдың желтоқсан айында Сингапурдағы Азия чемпионатында чемпион атанды.
Көршілес Қырғызстанда өткен халықаралық турнирде қос алтынды еншілесе, өткен жылы Ташкентте Орта Азия елдерінің бәсекесінде үздік үштіктен көрінді.
– Кемелбек қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық құрамасының мүшесі. Бүгінде Мексиканың Канкун қаласында және Италияның Венеция қаласында өтетін премьер лигалық сайыстарға дайындық жасауда. Сондай-ақ биыл наурыз айында өткен Түркияның Стамбул қаласындағы жарыста 3-орынды олжалады. Ендігі мақсатымыз – тек әлемдік рейтингтік жарыстарда топ жарып алғашқы тізімнен көріну, – дейді спортшының жеке бапкері Нұрбол Тойшыбаев.
Еске сала кетсек, биылғы мамыр айында Болгария астанасы – София қаласында өткен премьер лигалық сайыста Кемелбек рейтингтік қорытынды бойынша 7-орынға ілікті.
Айдос МЫРЗАЛЫ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 2-курс студенті.