АУДАН ӘКІМІ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Кеше Қармақшы ауданы әкімі С.Мақашов Азия чемпионатының және әлемдік гран – при кубогының жеңімпаздарын қабылдады.
Аудан спортшылары ҚР біріншіліктері мен чемпионаттарында 3 – алтын, 5 – күміс, 13 – қола медальды жеңіп алса, Салтанат Сұлтанбекова сәуір айында Алматы қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатында 48 кг ІІІ-орын, Ғалымжан Абдрахманов наурыз айында Мәскеу қаласында (Ресей) өткен А.Харлампиевтің жүлдесіне арналған самбо күресінен Әлем кубогында күміс жүлде, мамыр айында Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) өткен Азия чемпионатында чемпион атанды, осы Азия біріншілігінде жерлестеріміз Д.Қодарова 72 кг, Д.Тілеумұратова, Д.Тұрғанов 48 кг жеңімпаз атанса, Д.Абдеков 62 кг күміс жүлдегерлер атанды. Мақшат Мейіржан жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Пекин қаласында (Қытайда) өтіп жатқан Халықаралық гран-при турнирінде 1500 метр және 800 метрге жүгіруден жеңімпаз атанды. Шара соңында жүлдегер жерлестерімізге аудан әкімінің алғыс хаттары табысталып, сый сияпат көрсетілді.