Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

   «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен қалалық мәдени және демалыс паркінде нашақорлыққа қарсы акция өтті.
            Шара барысында жыл көлемінде есірткі мәселесін көтеріп, үздік ақпараттандыру шарасын насихаттаған қызметкерлер және қоғамдық ұйым өкілдері департамент тарапынан алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.    
            Шара концерттік бағдарламаға ұласып, театрландырылған қойылымдар, ән мен би көрермен назарына ұсынылды.
Аталмыш акцияға Қазақстан эстрада жұлдызы Ayree шақырылды.
             Әнші өзінің өнерін көрсетіп, бұқара қауымды нашақорлықпен ұйымдасқан түрде күресуге шақырды.
             Сонымен қатар, іс-шара  барысында  «Есірткісіз - болашақ!»  ұранымен  асфальтқа  сурет  салу  мен  спорттық  жарыстар  өткізілді. Іс – шараларға балалар белсенді қатысып,  өздерінің  нашақорлық  мәселесіне  байланысты теріс  көзқарастарын  білдіре  алды.  
             Кешенді іс-шараға қатысушыларға үгіт-насихат өнімдері таратылды. Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан шығартылған
полиграфиялық үгіт-насихат өнімдері (плакаттар мен үгіт парақтары) қала, аудандарға таратылып, олар халық көп шоғырланатын жерлерге
ілінді.
                                                                  Қызылорда ОІІД  Баспасөз қызметі
26 маусым 2018 ж. 2 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам