Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҒАРЫШ МУЗЕЙІ АШЫЛАДЫ

ҒАРЫШ МУЗЕЙІ АШЫЛАДЫ

  Кезінде Қазақ елі­нің астанасы болған Қызыл­ор­да қаласы да биыл ел­орданың 20 жыл­ды­ғы­мен орайлас 200 жылдық ме­рейтойын атап өткелі жатыр. Арқа төсінде бас­тал­ған дүбірлі той Сыр елін­дегі мерекелік шарал­ар­ға ұласады.  
Бүгінгі Астана – әлем­дегі озық отыз елдің қата­ры­на кіруді мақсат еткен Қазақ мемлекетінің, Мәң­гілік Елге айналуды көксеген ұлттың түп қа­зығы Астана тойы – барша қазақстандықтардың тойы. Осы орайда еліміздің бар­лық өңірімен бірге Қызылорда да бас қала сәу­л­етінің артуына үлес қо­суда.  Жыл басында халық алдында есеп беру кез­десуінде облыс басшы­лы­ғы Астанаға тарту ретінде ашық аспан астында ғарыш музейін салу туралы шешім қабылданғанын айтқан еді.
«Байқоңыр ғарыш ай­лағы – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың мақ­танышына айналған та­рихи кешен. Сондықтан Астананың мерейтойына орай елордада «Союз», «Протон», «Зенит» зымыран тасығыштары мен «Боран» орбитааралық ке­месінің макеттерінен құ­рал­ған зымыран-ғарыш тех­никасы музейін салуды ұйғардық», деген-ді аймақ басшысы.
 Музей ашық аспан астын­да орналасады. Жо­ға­­рыда айтылғандай, осы жылы Қызыл­орда қа­ла­сының 200 жыл­дығы да жоғары дең­гейде атап өтіледі. Бұл екі мерей­той­дың қызыл­орда­лық­тар үшін тарихи маңызы ерекше. Себебі Астана тәуел­сіз еліміздің елордасы болса, Қызылорда – 1925-1929 жылдары елі­міздің тұңғыш астанасы мәртебесін иеленіп, ұл­т­ымызға ресми түрде қазақ деген атауды алып берген тарихи шешімдер ордасы. Жыл бойы көп­теген халықаралық, рес­пуб­ликалық және об­лыс­тық іс-шаралар ұйым­дас­­­тырылып, ауқымды ны­­сандар ашылады. Оның бірі – Қазақ ор­талық атқару ко­ми­те­тінің байырғы ғи­ма­­ра­ты­ның үлгісінде са­лын­ған «Рухани жаңғыру» орталығы.  
Сыр өңірі Астанаға тар­­ту ететін экспозиция ел­ордадағы Тұран даң­­ғы­лы бойындағы «Қаз­ҒарышСапары» АҚ ұлт­­тық ғарыш орталығы ау­ма­ғында салынды. Бүгін­де құрылыс-монтаж жұ­мыс­тары қарқынды түр­де жүргізіліп жатыр. Бұл жұ­мыстармен қатар ға­рыш­­тық кемелер макеті са­­лынды. Ғарыш музейі ел­орданың мерейтойы қар­­саңында ел игілігіне бе­рі­леді.
27 маусым 2018 ж. 1 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам