ҚАЛА ӘКІМДІГІ «ҰШҚЫР ҚАЛАМ - 2018» ФЕСТИВАЛІН ҰЙЫМДАСТЫРЫП, ЖУРНАЛИСТЕР ҚАУЫМЫН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.
Қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай шығармашыл қауым өкілдеріне арналған «Ұшқыр қалам - 2018» фестиваліне қатысып, журналистер қауымын төл мерекелерімен құттықтады.
Сыр елінің белгілі қаламгерлері Қ.Мұхамеджанов, Ә.Тәжібаев, З.Шүкіровтердің құрметіне қойылған «ҚР Жазушылар композициясы» немесе халық арасында «Үш кемеңгер» аталып кеткен ескерткіш маңында, «Ашық аспан» астында ұйымдастырылған мерекелік шараға өңіріміздегі республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатыстырылды.
Шара барысында мерекелік кездесудің тартуы ретінде еңбегімен ерекшеленіп жүрген бірқатар журналистер қауымы қала әкімдігінің «Құрмет грамотасы», «Алғыс» хаттарымен және «Ұшқыр қалам» номинациясымен марапатталды.
Ашық аспан астындағы кездесу барысында қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов: «Баршаңызды Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесімен қала жұртшылығы және арнайы Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың атынан құттықтаймын! Қала әкімі кезекті еңбек демалысына болуына байланысты, Сіздердің құрметтеріңізге арнайы шара ұйымдастырып, құттықтау лебізі мен сый-сияпатын тапсыру абыройлы міндетін бізге тапсырған еді.
Бұл мерекені бүгін Сіздермен бөлісу – тарихи даталы күн деп есептеймін. Себебі, биыл бұл күнді атап өту - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің бас қаласы - Астана қаласының 20 жылдығы, Алаштың анасы – Сыр өңірінің бас шаһары - Қызылорда қаласының 200 жылдығымен тұспа тұс келіп тұр.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген журналистердің кәсіби мерекесіде биыл 20-шы рет аталып өтуде.
Бұл айтулы датаны атап өту, мерейтойлық шараларды ұйымдастыру, онымен бірге бөлісу екінің бірінің тағдырына жазылмаған өмір тартуы деп есептеймін.
Бүгінгі күн - тек Сіздердің еңбектеріңізге сый - құрмет көрсетілетін, ұшқыр қиялдарыңыздың жемісін ұлықтайтын күн" - дей келе, қалам қуатымен елдің ертеңі жолында абыройлы міндет жүгін арқалаған журналистер қауымына арналған марапаттарды табыстады.
Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы мамыр айында қазақстандықтарды белсенді өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға шақырған Елбасының бейнеүндеуі жарияланған болатын.
Биылғы марапаттың жылдағыдан ерекшелігі де, Елбасының бастамасымен дүниеге келген «СЕНІҢ ЖАҢА ҚЫРЫҢ» атты осындай маңызды жобасын ақпарат құралдарында насихаттап қана қоймай, қаламгерлер қауымы да сол шараларға белсенді қатысып, халық арасында бұқаралық спорттың үздік үлгісін қалыптастыруға үлес қоссын деген ниетпен, барлық кәсіби мереке иелеріне спорт құралы - велосипедтер табысталды.
Қала әкімінің баспасөз қызметі.