БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Шара барысында сөз алған аудан әкімі: "Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні - газет пен журнал, теледидар мен радио, полиграфиялық сала қызметкерлеріне ортақ мереке. Бұл - тек журналистер үшін ғана емес, сонымен бірге кадр сыртындағы жандар мен газет-журнал беттерін дайындайтын мамандар үшін де маңызы зор күн. Бүгінгі күн телекоммуникация саласының қызметкерлері үшінде ерекше күн" екендігі жайлы айтып өтті.
Шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Есдәулетов сөз алып сала мамандарына жылы лебізін жеткізді. Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.