ҮЙДЕ ОҚИТЫН БАЛАЛАР НЕГЕ КӨБЕЙДІ?
Инклюзивті білім беру бүгінгі таңда әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе. Бұл балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды талап етеді. Ал елмізді әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіргіу үшін инклюзивтік білім беруді 2020 жылға дейін 70% жеткізу жоспарлаған.
Бүгін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Білім» бағытындағы аймақтық комиссияның мүшелері өңірде осы мақсаттағы жұмыстардың орындалуын талқыға салды.
Жалпы писхологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың 2017-2018 оқу жылын берген есебі бойынша, өңірде 6936 мүмкіндігі шектеулі бала тіркеуге алынған. Олардың 2041-і 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер болса, 4895-і, 7 мен 18 жас аралығындағы балалар. Нақты кезеңде мектепке дейінгі жастағы балалардың 33,6%-ы балабақшамен, мектеп жасындағы балалардың 52,7% жалпы орта және арнайы білім берумен қамтылып отыр.
Жиын барысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов хабарлама жасап, нақты көрсеткіштерді атап өтті.
Облыста 2 балабақша мен 1 мектепте инклюзивті оқыту жүргізілуде. Оларда 152 бала қамтылған. Бұған қоса 1117 бала арнайы балабақша топтары мен мектеп сыныптарында білім алуда. Алайда басқарма басшысының орынбасары 1549 мүмкіндігі шектеулі баланың мамандар көмегімен қамтылмай отырғандығын тілге тиек етті.
- Ерекше білім алу қажеттілігі бар балалардың арнайы мамандар жоқ мектептерде білім алып, бағдарламаны игерусапасы төмен болатындығы анық. Осының салдарынан соңғы кездері үйден білім алатын оқушылар саны да көбейіп кетті. Мәселен, 2015 жылға дейін үйден білім алатын балалардың басым бөлігі жүрек, бұйрек, бауыр, лейкемия секілді сомматикалық сырқаттармен ауыратын бала болса, бүгінгі күні психикалық дамуы тежеленген, көру,есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар да білім алуда, - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов.
Жиын барысында арнайы мамандар тапшылығы сөз болып, мәселені шешудің жолдары талқыланды.
Айта кету керек бұған дейін атламыш комиссия мүшелері партияның «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдармен бірлесіп, қаладағы инклюзивті білім беруге бейімделген балабақша, орта мектеп, арнайы мектеп, қосымша дайындық орталығы және орта арнаулы оқу орындарына бақылау жасап, кейбір білім ошақтарынан анықталған кемішіліктерге қатысты ұсыныстарды тиісті органдарға жолдады.