ӘДІСТЕМЕЛІК ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес №5 «Шаттық» балабақшасында мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру мақсатында №3 аймаққа қарасты балабақшалардың қатысуымен әдістемелік күн ұйымдастырылды.
Әдістемелік ұсынымдар Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайтын индикаторлар жүйесінің біріңғай тәсілін енгізуде мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленген.
Мектеп жасына дейінгі балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту Қазақстан Республикасының білім беру саясатында айқындалған.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мектепке дейінгі білім беру саласындағы негізгі бағыттарының бірі мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау бойынша индикаторлар жүйесін жетілдіру болып табылады. Аталған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2017 жылы Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың білігі мен дағдысын қадағалайтын индикаторлар жүйесі әзірленіп енгізілетін болады.