ҚАЗАҚ БАЛАСЫ РЕСЕЙДЕГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ҚАТЫСАТЫН БОЛДЫ

Әлемге әйгілі жедел тамақтану қызметін ұсынатын мейрамханалардың бірінде ұйымдастырушылар өте қызық науқан ұйымдастырды. Келушілердің ішінде 13 адам жеңімпаз атанып, көптен күткен жолдамаларына ие болды.
Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финалына бес адам, жартылай финал ойындарына төрт адам, ақтық финал ойындарына үш адам жолдама ұтып алыпты.
Науқанның басты сыйлығы чемпионат финалында ойнайтын футболшылардың қолынан ұстап шығу мүмкіндігі болатын. Осындай зор құрметке тоғыз жасар Мадали Исабек ие болды.