АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАНДЫ
29 қазанда Қармақшы, Шиелі, Сырдария аудандық мәслихаттарының босап қалған депутаттарының орнына сайлау өткізілді.Сайлауға дауыс беруге 8114 сайлаушы қатысты. Ол 66,04 % құрайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз мәслихатында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов мәлімдеді.
«Мәслихат депутаттарын сайлауда облыс бойынша 45 байқаушылар қатысқан болса, олардың ішінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден - 18, ақпарат құралдарынан-6 және депутаттыққа кандидаттардың сенім білдірген өкілдері- 21. Сайлау науқаны мен дауыс беру кезінде және дауыстарды санау кезінде, сондай-ақ сайлаудың нәтижесі бойынша сайлау комиссияларына арыз-шағым түскен жоқ» -деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов.